Астанам елімізге арман болған,
Елбасы елімізге қорған болған.
Көк туым желбірейді көк астында,
Бейбітшілік көгершіні ұшып-қонған.
Жан-жақтағы ағайынмен бірігейік,
Оларды ешқашан жат көрмейік.
Болса егер бас бірлік өзімізде,
Үйсін, Арғын, Найман деп бөлінбейік.
Болмасыншы Аллаға тек қарсылық,
Тілеймін бар елге тек жақсылық.
Ден сау болса болады бәрі алда.
Болмасыншы ешқандай астамшылық.
Назерке 12 жас
Мукур ауылы