Тәрбиелеп біздерді оқытатын,
Өмірден көп нәрсені тоқытатын,
Әрқашан бізді ойлап уайымдайтын,Бұзықтық жасасақ кешірмей қоймайтын,
Баласының көңілі үшін ойнайтын,
Міндетіміз әке-анамызды бағып-қағып сыйлайтын.
Зейнеп Есболатқызы 10 жас
БҚО, Соналы ауылы
Менің бөпем
Кішкене ғана бөпем бар,
Оның аты – Мұхаммед.
Ойнатса жақсы көреді,
Талпынады тұрамын деп.
Манарбекұлы Нұрсәт 6 жас
БҚО, Құрманғазы ауданы, Жасталап ауылы
Арман
Бар білімді меңгерген,
Апай болғым келеді.
Талаптанып, білім алған,
Ғалым болғым келеді.
Жоламанқызы Аружан 9 жас
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылы