Зинақорлық үлкен күнә

     Зина – ақылды және балиғат жасында болған еркек пен әйелдің некесіз қатынаста болулары дегенді білдіреді. Зина харам болып табылады. Құран кәрімде былай делінеді: 
 
      «Зинаға жоламаңдар! Ол арсыздық, лас, төмен іс, жаман жол болып табылады.» (Исра 32)
 
      «Мұсылмандарға айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан қорғасын!» (Нур 31, 32)
 
      Хадис шәрифтерде былай делінеді:
 
      «Аллаһтың алдында зинадан үлкен күнә жоқ.» (Р. Насихин)
 
     «Бір жерде зина және риба (өсімқорлық) көбейсе, ол жердің халқы бәлеге ұшырайды.» (Хаким)