Қазақстан. Туған тілім

/upd/2016/0519/1463651526573d8cc6ec2276.79568786.jpg

Қазақстан ұланғайыр байтағым,
Мың өліп ең түледің-ау қайта бір.
Болашағың жарқын болар ғаламат,
Ақын жүрек батылдықпен айта біл.

Оразбек Жаннұр

Туған тілім
Мақтанышпен жыр жазамын "тілім"деп,
Бар әлемді тілімменен тілімдеп.
Туған тілдің білмей келді қадірін,
Енді, міне, "тілім" дейді бүгін кеп.
Бойыма тек ақ сүтпенен дарыған,
Соныменен әріпті де танығам.
Тілім тұрса, өсіп-өнсе әрдайым,
Бар әлемге ақын болып танылам.

Сағынтай Назгүл 10 жас
Павлодар облысы

Атам, әжем
Атам  маған  әрқашан
Кішіпейіл  бол деген.
Әжем  маған  әрқашан
Әдепті  жан  бол  деген.
Атам, әжем  сөздері
Менің  әркез санамда.
Кесіп  өтпей  көшені
Үлкендерге  жол  берем.

Жоламанқызы  Маржан
1-сынып  оқушысы
Қызылорда  облысы
Жалағаш  ауданы
Жаңадария  ауылы