Жыр алыбы Жамбылға 170 жыл,
Толған жыры қазақтың өзіңмен бір.
Биік қой өлеңдерің тау секілді,
Жырлауға қазынасы тіл жетпейтін.
Бар өмірін жырға арнаған Жамбылдың
Салып кеткен өлеңнің сан даңғылын.
Соғыс жылы қиын-қыстау заманда,
"Ленинградтық өренін" жырға қосқан.
Сөз бастап айтысқанда тартынбаған,
Қылыштай жүзі өткір жарқылдаған.
Қарсылас ақындардан басып озып,
Жұлдыздай аспандағы жарқылдаған.
Жамбыл мінген ақыл-ойдың тұлпарын,
Халқына арнап кестелеген жырларын,
Сан ғасырлар санасында ұрпақтың,
Ұмытпаймыз жырдың алып сұңқарын!
Елтай Аида 12 жас
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы