Мұқағали Мақатаев ағама арнау
Қазағыма бұйырғаны дәл осы ақын,
Жырларыма мақтап әркез қосамын.
Мұқағали ағамыздай аяулы.
Өмір сүрген уақыттары таяулы.
Ақындармен әлеміме шуақ нұры тарайды,
Әлем бізге таң қақтыра қарайды.
Мұқағали ағамыз – әйгілі ақын.
Поэзия секілді әнге жақын.
Кітабы бар аққудың қанатындай
Сол аққу көкке қанат жаятындай
Қазақтың атын көкке шығаратын
Елімнің ақындары бар ғой сондай.
Ақпанның тоғызында дүниеге келген
Сұм соғыс кезеңінде өмір сүрген.
Мақатаев әкесі қайтыс болып.
Анасына қамқор болып әр кез жүрген.
Тағдыр сынақ жіберіпті Мұқағали ағама
Өмірді қызық жерден тоқтатуға бола ма?
Құдайына сыйынса да қанша тәубе,
Қаза болды Мұқағали ағамда.
Мұқағали ағамызды барлығы еске алады,
Ағамыздың жырлары барлығын еске салады,
Жырларын жаттап өскен ұландарын
Бас иіп құрметпенен еске алады.
Айбергенова Айман 12 жас
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы
Мұқағали
Мұқағали ақындардың ақыны
Мұқағали жыр әлемінің алыбы.
Жан серігі қағазы мен қаламы
Жылылықтың серігі де сенімі
Мұқағали жырлайды ғой бәрін де
Мұқағали жырын төккен бәріне
Қазақстан қайраткері ақыны
Хан тәңірі атанды ол әлемге
Ерғазы Ернар 11
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы
Мұқағалиға арнау
Мұқағали қазақтың дана ақыны,
Мұқағали қазақтың дара ақыны.
Ғашықтардың сезімін жырға қосып,
Поэзияны өрлеткен дала ақыны.
Қарасазды өлеңнің қыраны едің,
Қара сөздің құйғыттың құлагерін.
Әр өлеңің бір сабақ бізге арналған
Өлмейтұғын артына із қалдырған.
Жырларыңмен бүгін жұрт тілдеседі,
Жаралылар поэзияңмен мұң кешеді.
Өзің сынды ақындарлың арасында,
Таланттыны таппаймыз сіз секілді.
Шын ақын, сөзің асыл баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Ұлы ақын боп, дара ақын боп қаласыз сіз,
Қазақтың жүрегінен мәңгі кетпес.
Елтай Аида 12 жас
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы