Өнерге қанат қағармыз

/upd/2016/0502/146218144157271e41d56905.73191064.jpg

Өмір - арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. Біздің мектепте де өте қабілетті балалар көп. Дефектолог маман ретінде әр сыныптағы балаларға диагностика жүргізіп ерекше қабілеттерін, ойлауын, есте сақтауын, бейімі мен қызығушылығын зерттеймін. Осындай балаларды көргенде кейбір балалардың бойындағы үлкен мүмкіндіктері ашылмай қалатын да жағдайлар кездеседі. Сондықтан да ұстаздар өте қырағы болуға тырысамыз. Балалардың жан дүниесіне үңіле отырып шығармашылығын әрі қарай дамыту менің жұмысымның бір бөлшегі. Сондықтан да оқушыларымның бірі Айткалиев Әлібек туралы мақаланы сіздің журналыңызға жазып жібергенді жөн көрдім. Алібек кішкентай кезінен- ақ дарынымен, әртістік шеберлігімен, ән айту, өлеңдерді мәнерлеп, жатқа айтатын қабілетімен ерекшеленді.Түрлі конкурстарға қатысып жүлделі орындарды соның ішінде «Жұлдызай» , «Бәрімізде бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Сонымен қатар жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Әлемді тербеткен ана» тақырыбында республикалық сырттай байқауына қатысып, жүлделі I орынды иеленді. Таудай талабының арқасында көптің құрметіне бөленуде. Ол кішкентайынан ән айтады. Беріліп шырқаған әндері аудан, облыс орталығының барлық мерекелік шараларында сахнаның сәнін келтіріп жүр. Әлібек көптеген аудандық, облыстық, байқаулардың лауреаты, жеңімпазы. Сонымен қатар ямахада ойнайды, тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысады. Осының барлығына ол ыждағаттылықпен уақыт табады. Өйткені биік өнерге бастар жол – еңбекте екендігін түсінеді. Бос уақытында әдеби кітаптар оқып, журналдарды ақтарып, құнды деректермен қанығуды әдетке айналдырған. Әлібек өте мейірімді бала. Қай кезде болмасын,қасындағы адамдарға қолұшын беріп, қуанышына ортақтасып, қиналса көмектесуге әзір тұрады. Ол жастайынан әнге құмар болып өсті. МұзАрт, Қайрат Нұртас секілді өнерден өз орнын алған аға-апаларының әндерін сүйіп тыңдап, болашақта солар сияқты елге танылған әнші болуды армандайды. Біз де өз кезегімізде оның армандарының орындалып, үлкен сахнадан көрінуіне тілекшіміз. Алібек өз өнерімен, білімімен көзге түсіп жүрген бала. Жалпы барлық балада таланттың көзі болады. Шын мәнінде соны ашуға, бағыт беруге, оның бүкіл азабын көтеруге ата – ананың ерік – жігері көптен көп көмегі тиеді Сондықтан да баланың талабын қолдап, жағдайын жасап жүрген ата – анасына ризашылығымды білдіремін. Әрдайым Әлібектің жұлдызы жарық, арманы асқақ, алдына қойған биік мақсаттарына жете берсін демекпін! 

Мусина Мунира Назаровна 32 жас
Мұғалім – дефектолог
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі