“Бисмилләһ” сөзіне құрмет

      Бишр Хафидің (рахметуллаһи алейһ) дұрыс жолға түсуі былай болған:
 
      Бір күні мас күйде келе жатып “Бисмилләһиррахманиррахим” деген жазуы бар бір қағазды көреді. Бұл жағдайға көңілі разы болмай, жерден алып сүйіп, кейін балшықтарын тазалайды. Тазалап болғаннан соң әдемі иіс сеуіп, үйінің төріне, дуалға іліп қояды.
 
      Сол түні ғалым және әулие бір кісіге түсінде “Бишрге барып айт, ол біздің есімімді тазалағаныңдай біз де оның өзін тазалаймыз. Есімімізді жоғары көтергені үшін біз де оның дәрежесін көтереміз. Ол  есімімізді әдемі иістендіргені үшін, біз де оны әдемі етеміз. Ұлылығыммен ант етемін оның есімін дүниеде және ахиретте таза және әдемі етемін!” деп айтылды.
 
      Бұл түс үш рет қайталанды. Ғалым кісі таңертеңгісін Бишр Хафиді сыраханадан табады. Өте маңызды хабарым бар деп сыртқа шақырады. Бишр келгенінде “Саған Аллаһу та’аладан хабарым бар” деп айтуымен Бишр егіле жылай бастады. “Маған ашулы ма, қатты азап береді ма?” деді. Түсті тыңдап болғаннан соң достарына бұрылып “Мені шақырып жатыр, бұдан былай мені бұл жерлерде көрмейсіңдер!” деді. Сол жерде тәубе етті. Бұл кезде аяғында аяқ киімі болмағаны үшін кейін де мүлдем аяқкиім кимеді. Себебін сұрағандарға “Тәубе етіп, сөз берген кезімде жалаң аяқ едім, енді қазір киюге ұяламын” деген екен. Аяқкиім кимегені үшін «жалаңаяқ» деген мағынада «Хафи» деп аталып кетті. Бишри Хафи хазреттері өмірінің қалған бөлігін ілім үйрену және үйретуменен өткізді.