Ана сенің тірегің,
Ана сенің көрегің,
Қадірлеп өт анаңды,
Анаңды жақсы көрсең.
Дәрменбаев Ару 8 жас
Тараз қаласы
Ана деп менің жүрегім
Көңілді болып жүремін.
Сонда да соғып жүрегім,
Бақытты болып жүремін.
Әділетқан Аяулым 8 жас
Алматы қаласы
Ана, туған күніңмен!
Ана, туған күніңмен
Құттықтаймын мен сені
Мəңгі-бақи жүре бер
Шаттандырып өлкені
Қадірлейміз біз сізді
Анашым деп еркелеп,
Жылда келер күніңмен.
Құттықтаймын мен сізді!
Қожаева Нури 11 жас
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы