Аспаннан жұлдыз алдым,
Сөмкеме салып алдым.
Қонақ болдым күнге
Шақырыпты түнде.
Басыма тақтым жұлдыздар,
Еріп барды құндыздар.
Күнге бардық ұшып,
Маңдайымнан жаңбыр ақты шып-шып.
Күндіз бардық айға,
Шақырыпты шайға.
Бірге барды киттер,
Кісінеді иттер.
Біраз жыл қонақ болдық
Күн мен айды біраз шолдық.
Барып едім құндызға,
Өкпелепті жұлдызға,
Шай ішіп отыр мысықтар,
Пысықтар ғой пысықтар.
Жыланды соғымға сойдым,
Күн мен айға баруды қойдым.
Енді барып алысқа,
Юпитер мен Марсқа
Қонақ болып қайтамын.
Нәжіп Аружан Бердібекқызы 10 жас
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Милысай ауылы, Милы орта мектебі