Кім болам?

 

/upd/2016/0429/146193905157236b6b36c533.30601941.jpg

Әрбір баланың өз арманы болады. Менің арманым әнші болу. Әншілік көп еңбекті, дайындықты талап етеді. Мен қазақ халық әншілері мен эстрада әншілерін сүйіп тыңдаймын. Осы әншілердің ішінде біздің Маңғыстаудан шыққан Тамара Асар, Ұлықпан Жолдасов, Ақылбек Жеменей, Ғалымжан Жолдасбаевтар бар. Маған Ақылбек Жеменейдің сазды әуені ұнайды. Болашақта осы Ақылбек ағадай әнші болуды арман етемін. Әрбір әнші музыкалық аспапта ойнай білгені де жақсы. Мен өз қазағымның қасиетті домбырасының үнін ұнатамын. Жақыннан бері домбыра үйірмесіне қатыса бастадым. Болашақта әнші, сазгер болсам деп армандаймын.

Ерболатұлы Жантілек 9 жас
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы