Бисмилләһтың қасиеті

      Бисмилләһтың толығы “Бисмилләһиррахманиррахим”.  Хадис  шәрифтерде былай делінді:
 
     «Ұстазы балаға бисмилләһ оқып, бала оны айтқанында, Аллаһу та'ала баланың, анасының, әкесінің және ұстазының жаһаннамға кірмеуі үшін құжат жаздырады.» (С. Әбәдийә)
 
     «Құран кәрімнің кілті – бисмилләһ» (С. Әбәдийә)
 
     «Бисмилләһпен желінген тамақ берекелі болады.» (Ибн Мажә)
 
     «Бисмилләһпен басталмаған әр маңызды іс кеміс қалады.» (Бәйһақи)
 
     «Үйге кірерде бисмилләһ айтылса, шайтан “Бұл үйге кіруіме мүмкіндік жоқ” деп, қайтып кетеді.» (Тибйан)
 
     «Амал дәптерінде 700 бисмилләһ болған адамды Аллаһу та'ала жаһаннамнан шығарады.» (Тағрибус-салат)
 
     «Істі бисмилләһпен бастаған адамның күнәлары кешіріледі.» (И. Рафии)
 
     «Тамақты бисмилләһпен жеп, соңында Әлхамдулиллаһ деген адамның, дастархан жиналмай тұрып, күнәлары кешіріледі.» (Табарани)
 
     «Қиыншылыққа душар болған адам  “Бисмилләһиррахманиррахим уә лә хаулә уә лә қууата иллә билләһил алийил азыйм” десе, әр түрлі қиыншылықтан құтылады.» (Дәйләми)
 
     «Бисмилләһ жазылған бір қағазды жерден көтерген адам сыддықтар қатарына жазылады.» (Тәрғиб-ус-салат)
 
     «Су ішерде бисмилләһ, біткенде әлхамдулиллаһ деп айтыңдар және суды үш жұтыммен ішіңдер!» (Ибн Сүнни)
 
     «Тамақ  жеуді бастағанда Аллаһу та'аланың есімін еске алыңдар, яғни бисмилләһ айтыңдар! Басында бисмилләһ айтуды ұмытқан адам, есіне түскенде “Бисмилләһи ала әууәлиһи уә ахириһи” десін!» (Әбу Дауд, Тирмизи, Хаким)
 
     «Тамақ жегенде, демалғанда және түнде жатарда шайтаннан қорғану үшін бисмилләһ айтыңдар!» (Табарани)
 
     «Үйден шығарда “Бисмилләһи тәуәккәлту алаллаһ, лә хаулә уә ла қууата илла биллаһ” деп айтқан адам, қауіптен қорғалады және шайтан одан алыстайды.» (Тирмизи)
 
      “Йа Расулаллаһ, көп жесек те тоймай жатырмыз, тамақтың берекесі болмай жатыр” деген адамға пайғамбарымыз «Тамақты бөлек емес, бірге жеп, бисмилләһ айтылса, берекелі болады» деп жауап берді. (Ибн Мажә)