Туған жерім, Созағым!

/upd/2016/0428/14618337755721d02f627622.03866745.jpg

Туған жерім, атамекен Созағым,

Сендей болмас еш бір мықты жерлерің.

Мен сүйемін Шолаққорған ауылын,

Кіндік қаным алғаш менің тамған жер.

Созақ деген киелі менің мекенім,

Мұнда жатыр талай әулие жерлерім,

Баба Түкті Шашты Әзізден басталып,

Қарабура, Ақбикешім тағы бар.

Мен сүйемін туған жерім Созақты,

Талай дана, ақын баба шыққан жер.

Сүгір күйші, Тәкен ата, Төлеген.

Созағымның әр бір жерін кереметке бөлеген.

Айта берсем Созағымды тағы бар,

Мойынқұмда талай жанды асыраған кені бар.

Асқақтай бер, туған жерім Созағым,

Мақтан тұтып жүрсін әрбір қазағым!

Олжасқызы Көркем 8 жас
Оңтүстік Қазақстан облысы