Аяулы да құрметті апайлар!

/upd/2016/0426/1461650133571f02d580ea55.33229779.jpg

Алып – ұшып жүрегім
Райхан апай сізге асығып келемін.
Сіз үйреткен тақпақты
Өзіңізге айтып беремін.
Апайым менің сымбатты
Әдемі де жан-жақты.
Мерекеңіз бүгінгі
Құтты болсын қымбатты.
Әдемі боп үнемі
Лейла апай жүреді.
Тап-тазағып қояды,
 Біз ойнайтын бөлмені.
Құттықтаймын сіздерді
Аналардың күнімен.
Әлемдегі бар бақытты
Сіздерге ғана тілеймін мен.

Елдосқызы Аяулым 5 жас
Қарағанды облысы, Приозерск қаласы