Жақсылық жасағанға мал-мүлікпен, қызметпен қайтарымын беру, алғысын білдіру керек. Мұны істей алмаған адам рахмет айтып оған дұға етуі керек. Қайтарымын жасамаған, рахмет айтпаған адамға ертеңгі күні міндетсініледі, жамандалады, ренжітіледі. Өйткені жақсылыққа жақсылық жасау адамдық борыш болып табылады.
Адамның жасаған жақсылығының ақысы осылай болса, барлық жақсылықты жасатқан, жоқ күйден бар еткен, ең әдемі пішін берген, керекті мүшелерді, күштерді берген, денсаулық берген, ақыл мен зеректік берген, азық, сусын және киімдерімізді жаратқан ұлы иемізге, бұл ниғметтерді себепсіз, ақысыз берген және жоқ болудан, дұшпаннан, аурудан сақтаған, шексіз құдірет иесі болған Аллаһу та’алаға шүкір етпеу, құлдық ақысын өтемеу не деген төмендік десеңші? Ал Оған және ниғметтердің Одан келетініне сенбеу немесе бұларды басқадан деп білу ең үлкен зұлымдық, ең оңбағандық болады.
Бір адамға барлық қажеттілігі берілсе, ай сайын жеткілікті мөлшерде ақша, азық сыйланса, ол адам бұл жақсылықтарды берушіні барлық жерде адамдарға мақтап, күні түні оның махаббатын, ризасын алып, оның көңілінен шығуға тырысады емес пе? Бұлай жасамаса ол жақсылық жасаушысына еш мән бермесе адамдар оны айыптамайды ма?
Жақсылық жасаған бір адамның ақысына осылай қаралғанда, барлық жақсылықтың негізгі иесі болған, барлығын жаратқан, бізге берген Аллаһу та’алаға шүкір ету Оның ұнатқан қалаған нәрселерін жасау неге керек болмасын? Әлбетте ең көп Оған шүкір етуіміз, ең көп Оған бағынуымыз, ғибадат етуіміз керек. Өйткені Оның жақсылықтарының жанында басқалардың жақсылығы теңіз жанындағы тамшыдай да болмайды.