- Әжетханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу керек.
- Дәретке қыблаға оң немесе сол жағымен қарап отыру. Дәрет сындырғанда қыблаға қарай алдымен немесе артымен отыру тахримән мәкрух болады.
- Әжетханаға кiру үшiн арнайы шалбар қолдану және басы жабық түрде кiру мустахаб.
- Әжетханаға кiргенде, қолында Аллаһу тағаланың есiмi және Құран Кәрiм жазылған бiр нәрсе болмауы керек. Бiр нәрсеге оралған немесе қалтада болуы керек.
- Әжетханада аурет жерiн отыра ашу және сөйлемеу керек.
- Әжетханада бір нәрсе ішіп жеу, сағыз шәйнау, шегу мәкрух.
- Ұят жерiне және нәжіске қарамау керек. Әжетханаға түкiрмеу керек.
- Ешбiр суға, мешiт қабырғасына және айналасына, молаға және жолға дәрет сындыруға болмайды.
- Кірерде «Аллаһумма аъузу бикә минәл хубси уәл хабаис» дұғасы оқылады.