Қонақ күту үлкен сауап. Қонақты ниғмет деп білу керек. Әрбір ниғмет бір
машақаттың қарсылығына келетінін ұмытпау керек. Машақатсыз ниғмет болмайды. Әрине қонақтың да машақаты болады. Қиналмай қонаққа қызмет ету керек. Қонақты жақсы мүмкіндік деп білу керек.
Хадис шәрифте былай бұйырылды:
«Аллаһу та’ала бір қауымға жақсылық тілесе, оларға сыйлық ретінде қонақ жібереді. Қонақ рызығымен келеді. Аллаһу та’ала ол үйдің тұрғындарын кешіреді.»
Аллаһу та’аланың сыйлығы болған қонақты жақсы күту керек. Қонақ келмесе ренжу керек. Өйткені хадис шәрифте: «Қонақ кірмеген үйге періште де кірмейді.» деп бұйырылған. Қонақ келмеуін тілеу дұрыс емес. Өйткені пайғамбарымыз: «Қонақ күтуді қаламаған адамда береке жоқ.» деп бұйырды.
Қонақ үшін көп әуреге түсіп, өзін қинап қоймау керек! Өйткені қонақ ыңғайсызданады.
Хадис шәрифте былай бұйырылды:
«Қонақ үшін шектен тыс әуреге түспеңдер, қонақ бұдан ыңғайсызданады. Қонақты ренжіткен Аллаһты ренжіткен болады. Аллаһты ренжіткеннен Аллаһ жиіркенеді»
Хазірет Әли былай бұйырған:
«Достың ең жаманы, сені әуреге салған, өзін басқаруға сені мәжбүрлеген, сені кешірім сұрайтын істер жасауға итермелеген адам.»