Менің анамның есімі – Жанар. Оның мамандығы – дәрігер. Ол өте мейірімді жан. Маған көп нәрсені үйретті. Мен ол кісіге алғыс айтамын. Себебі, ол маған жарық дүние сыйлады. Жақсы адам болуға тәрбиеледі. Және де мен үшін қолындағы барын аямады.
Анашым, менің, анашым,
Ақыл айтқан данамсың.
Жақсылыққа үйретіп,
Алға қарай жол аштың.
Ақ ниет толы пейілің,
Қуаныш толы мейірің.
Аман болып жүре бер,
Ұзақ болсын өмірің.
Аққалиева Жайнагүл Серікқызы 12 жас
БҚО Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы
"Ана – ардақты есім"
Ана өмірдегі ардақты әрі аяулы жан. Ана бізге жылу беретін күніміз. Бізді тоғыз ай тоғыз күн кұрсағында көтеріп дүниеге әкелген адам. Мен анама рахмет айтып, алғысымды білдіремін, бірақ ана сүтін рахмет айту арқылы өтей алмаймыз. Пайғамбарымыз Мұхаммед былай айтқан: "Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаңда, қарызынан құтыла алмайсың" деген. Бұл сөздердің мағынасы терең әрі мағыналы.
Жарқынбай Жания 13 жас
Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы
Aна
Анашым, данашым
Ақылды адамсың,
Мәңгілік өшпейтін
Асылсың, дарасың.
Қарақат Есенгелдина 11 жас
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті
Анашым
Анашым, анашым,
Аяулы панашым.
Мәпелеп өсірген
Аяулы панасың.
Нұрханқызы Сабина 9 жас
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті
Мұғалім
Біздің мұғалім әдемі,
Анадай ол мейірімді.
Оқушыға ол қамқор
- Балаларым, - ол дейді.
Дильназ Бейсенова 12 жас
Семей қаласы
Көңілді күн
Теріп едім жемісін сезім бақтың,
Сыйластықтың алауын өзің жақтың.
Сенің думан тойыңның әнін естіп,
Есігіңді шыдамай өзім қақтым.
Ыдырыс Ақниет 9 жас
Мақтарал ауданы