Кевин Ричардсон: «Түйсік пен сезімге арқа сүйей отырып, жабайы мысықтардың жүрегін оңай жаулап алуға болады» деп сендіреді. Ричардсон жыртқыш аңдардың қанжардай өткір тістеріне қарамастан, олармен бірге ойнауға және құшақтасуға, тіпті олардың қасында түнеп шығуға мүлдем қорықпайды. Оның “сиқыры” тек арыстандарды ғана емес, сонымен қатар басқа да жыртқыш аңдардың жүрегін жаулап алуда.