Ордасы өркен жайған өнегенің,
Түлкібас - жер жәннаты, туған жерім.
Мекені Тұрардай ер алыптың
Тұранның жүрегінде тұр-ау белің.
Тауың бар бес торапқа бес жал тартқан
Суың бал, Күмісбастау бұлақ аққан
Түлкібасы киелі Әулиебасым
Жабағылы бар қазаққа атың арман.
Тұлпалар туып, сұңқарлар қонған
Оңтүстікте аңызды даңқың мақтан.
Табылған бабалардың сүйегі
Қараүңгірің тарихта мәңгі қалған.
Өзіңдей жер табылмас, нұрлы айналаң
Майлыкент - орталығың гүл жайнаған
Түлкібас – табиғатың таңғажайып
Бас иіп талай ақын жүр толғаған!
Аманқұл Сандуғаш 16 жас
Оңтүстік Қазақстан облысы
Түлкібас ауданы