Алғашқы серпіліс

/upd/2016/0317/145822343356eab94931e2b6.34120899.jpg

Белгілі Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлы. Кездесуден кейінгі әсерім. Бұл кездесудің маңызы мен үшін зор. Алдымен ұлттық құндылығымызды сақтау қай-қайсымыздың болмасын парызымыз екенін ескерткен Мекемтас Мырзахметұлы Абайтану жолына, үлкен ізденіс жолына қалай түскенін айтып құлағымыздың құрышын қандырды. Санамызда жауабын таба алмай, сенделіп жүрген сауалдарымызға жауап айтып, біз – қазақ жастары, біз – қазақ елінің болашағы алдымен толық адам ілімін игермей, қаймықпас қайсар рухтың иесі бола алмайтынымызды ашып айтты. Сексеуіл... Сексеуіл деген отқа салса жанбас, суға салса батпас өсімдік екен. Алайда екі сексеуілді бір-біріне ұрсаң, күл талқаны шығып жоқ болып кетеді екен. Міне, қазақ халқының менталитетін осы өсімдікке ұқсата, сол саясатты ұстанған, патша өкіметі қазақ жерін қалайда құртуды көздейді. Ұғынар жасқа ой да анық, сөз де анық. Мекемтас атаның сексеуіл туралы айтқаны намысымды қайрады. Ащы да болса шындық. Хақында, көреалмаушылық яки хасед, жеккөрушілік пен алауыздық адам арасынан шығады, һәм бұлар шыққанда бірлік болмайды. Бірлік болмаса, тірлік болмасы хақ. Әуелі, түсінгенім осы. Мекемтас атаның нұрлы дауысы ұлтым деп шырылдағанда қалай ғана бей-жай қарап қаласың, қалай ғана патроиттық сезімің оянбасын?! Қаншама қиын қыстау ай күндерден тік тұрып, осы дәуірге жеткен қазақ елін, қайғым белге шойырылып түссе дағы мәңгілік ел ету – менің мақсатым, барша дарынды жастардың мақсаты! «Еңбекке шыда ебін тап, сабырдың түбі сары алтын»,- демекші еңбек еткен адамның айы оңынан туатынына Мекемтас атаға қарап отырып айқын көзім жетті. Еңбектің де, толық адам ілімін игерудің де, адамгершіліктің де бастауының бәрі – иман. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, рас сөз еш уақытта жалған болмас», демекші, жүрегінде иманы жоқ болып, ал білімі артық болса, ол ғылым – тұл. Ол адам – мәңгүрт. Ал жүрегі жоқ, иманы жоқ мәңгүрттен не қайыр, не үміт?! Осы маңда жатқа ұстанар бір сөз: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда ғана боларсың елден бөлек. Және де ата-ана. Баласы бәйгеге түссе,т ақымын қысып отыратын аяулы жандар. Ата-ананың ақ батасынсыз еш нәрсе өңгерілмейді. Отан отбасынан басталатынын ескерсек, отбасыңа, ата-анаңа деген махаббат – отаныңа деген махаббат. Ел үміті ақталса, аяулы ана, ардақты әке үміті ақталары хақ. Жадымызда жатталуға тиісті Абай сөздерін ұғындыруға бар ғұмырын сарп еткен Мекемтас Мырзахметұлымен кездесу менің үлкен сапар алдындағы үлкен сынағым болды.

Аманқұл Сандуғаш 16 жас
Оңтүстік Қазақстан облысы
Түлкібас ауданы