Ана жайлы ойыңды айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махабаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып ана туралы ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Ана дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын ана сөзінің астында ұшан теңіз ой жатыр. Ана-әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленді. Адамның ең алғаш аузынан шығатын сөзі ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Анаңды меккеге үш арқалап апарсаң да қарызын өтей алмассың, деген дана қазақ халқы. Шынында да осыншама қиналып көз жасын төге жүріп бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеннің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлгендей ғана. Өз парызыңды өтеу бұл ана алындағы қарызын өтеу. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі тек ананың қолында.
Аңсар Құдайбергенова
Талдықорған қаласы