Бауыржан ата

/upd/2016/0317/145822880156eace41d02374.06077933.png

Қадірменді Бауыржан ата! Сіздің айбынды ерлігіңіз артыңыздағы ұрпаққа қайталанбас үлгі. Арыстандай алып күш иесі батыр, сарбаз бабаларымыздың қайратты ерлік жігерінің батырлық күші сіздің бойыңызға дарыған. Нағыз ер азамат қазақ ұлтының ұлдарындай болса деймін. Өзіңізге қашанда тәнтіміз, ерлігіңізді дастан етіп айтамыз. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай сізді қайтадан ортамызға оралатыныңызға сенеміз. Себебі, сіз қашанда ел аузындасыз, ұрпаққа үлгісіз, есіміңіз ешқашанда ұмытылған емес. Сіздің абыроймен әперген Ұлы Жеңісіңіздің туын артыңыздағы ұрпағыңыз әрқашанда биік ұстайды. Мереке ұлы еліме қуаныш әкелгей! Сәлеммен хат жолдаушы -  ұрпағыңыз Сапарғали Саят Мизамханұлы.

Сапарғали Саят Мизамханұлы
3 сынып оқушысы
Арқалық қаласы
№10 орта мектебі