Менің атам - майдангер

/upd/2016/0319/145838782756ed3b7335fa70.83074795.jpg

Жеңіс күні біздің отбасымыз үшін ерекше мейрам. Себебі, менің сүйікті атам Имақ Жанғалиев Ұлы Отан соғысына қатысып, елдің тыныштығы мен жеңіс үшін күрескен жан. Осыдан 70 жыл бұрын соғыс жеңіспен аяқталып, бейбітшілік орнады. Ел арасында ажырамас достық пен сенім пайда болды. "Соғыс" сөзі қандай қорқынышты, осы сөзді естігенде денем түршігіп, бойымды қорқыныш пен үрей билейді. Ал"Жеңіс" сөзі ше? Жоқ, бұл сөз жүрекке жақын, жанға жылы. Естігенде кеудеңе шаттық орнап, бойыңды қуаныш билейді. Соғыстың кесірінен қаншама адам жақындарынан айырылды. Бұл соғысқа қаншама қазақстандықтар қатысты. Солардың ішінде менің атам да бар. Атамның жеңісі – менің де жеңісім. Мен атамды мақтан тұтамын.

Сағынтай Жанерке 10 жас
Арқалық қаласы