Менің анам Бибігүл

/upd/2016/0319/145838817356ed3ccdd845e9.01392146.jpg

Менің анам Бибігүл. Ол мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Анам ақылды, мейрімді, ағам екеуімізге әрқашан қамқорлық жасайды. Ол маған тәрбиелі, ұқыпты бол деп ақыл айтып отырады. Мен сабақтан бестік баға алсам, анам қатты қуанады. Мен анамды жақсы көремін. Менің анама тілерім әкем екеуі мәңгі жасаса екен деймін. Анам маған дәмді ас әзірлеуді, үй ішін таза ұстауды, бос уақытты пайдалы етіп өткізуді жалықпай үйретеді. Ағам екеуімізді өнерге, еңбекке, спортпен шұғылдануға баулып отырады. Мен анашымның барлық ақыл кеңестерін үнемі жадымда сақтап, елімнің ерке қызы, ақылды аруы болып өсуге барымды саламын. Анашымның ауырмай аман жүргенін шын жүректен тілеймін.

Талғатқызы Парасат 10 жас
ШҚО, Үржар ауданы,
Келдімұрат ауылы