Арайланып атты күн
Сәуле шашып маңайға
Қара жер де оянды.
Ақ көрпесін бояуға.
Көктем құсы көкектің
Үні шықты бақ-қырда,
Шу-шуласып тіршілік
Табиғат тұнды бақ-нұрға
Бәйшешек пен жауқазын
Бүршік атып алғашқы.
Көктемгі шуақ әдемі
Табиғат сондай жап-жақсы!
Салықов Расул 8 жас
Батыс Қазақстан облысы,
Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы,
№4 ЖОББМ 2 «Ә» сынып оқушысы