Абай ата – ұлы ақыны елімнің,
Өлеңімен нұрланады көңілім.
Саяхаттап қайттым мен де жақында,
Дәмі тартып ақын туған жерінің.
Өлеңдерін жалықпастан жаттағам,
Көкейіме түйіп, сөзін сақтағам.
Қазақ елін бар әлемге танытқан,
Абай ата мұрасымен мақтанам.
Ұлы ақынның қара сөзін оқысам,
Әр сөзінен ақыл ойым толысар.
Адам болу жолын нұсқап, көрсеткен,
Дана Абайға келер ұрпақ борыштар.
«Адамзатты бауырыңдай сүй» деген,
«Білім алып, көңіліңе түй» деген.
Әр сөзінде адамдыққа үндеген,
Ақынды мен сәуле шашқан күн дер ем.
Құдыш Мұрат Талғатұлы 12 жас
Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы,
КММ 5 «Б» сынып оқушысы