Зерттеушілер бірнеше жануарлардың денелерінде биологиялық компастың бар екендігін анықтады. Мәселен, көшпелі құстардың басының құрылысында магнитті темірге бай – магнетит металы бар. Соның көмегімен жердің магниттік өрісінен пайдаланып бағыттарын табады. Бұлтты күнде де бағыттарынан адаспайды. Алайда бастарына күшті магнит байланған жағдайда бұлтты күнде көгершіндер жолдарын мүлдем жоғалтып алады. Магниттік өрісті аңғара алатын жануарлардың тізімі күннен күнге артуда. Бұлардың негізгілері – көгершіндер, бактериялар, аралар, делфиндер, акулалар болып табылады. Почташы көгершіндер 100км/сағ жылдамдықпен еш тоқтамай 15 сағат ұшып, 1500 км жолды ұшып өте алады. Бұл жануарлар жолдарын мүлдем адастырмайды.