Альбиностар

Кейбір жануарлардың арасында альбиностар дүниеге келеді. Альбиностар (лат. albus — ақ) – туа пайда болған жануарлар мен адамның тері жабынында және көздерінің нұрлы қабығында түрлі түс беретін пигментті клеткалары болмайтын жеке дарабастар. Алайда олар көп өмір сүре алмайды, өйткені жабайы аңдардың көзіне тез түседі. Меланин пигменттерінің түзілмеуіне байланысты барлық альбиностардың көздері қызғылт түсті болады. Алайда мұндай жануарлар өте сирек кездеседі. Мысалға: альбинос тиіні мыңнан емес, он миллионнан бір кездеседі. Төменде әр түрлі альбинос жануарлардың суреті көрсетілген.