Менің туған жерім – Мұратсай. Мен туған жерімді жақсы көремін. Мұратсайдың табиғаты тамаша. Көл айнала толған қамыс, ауасы таза. Ауылымыздың мақтанышы үлкен көл. Ауыл тұрғындары көлден балық аулайды. Ауылымыз күннен-күнге көркейіп келеді. Ауылда мектеп, жатахана, тісхана, мәдениет үйі, балабақша, дүкендер бар. Ауыл тұрғындары ақкөңіл, мейірімді қамқор. Осындай ауылда тұрғанымды мақтан етемін.
Қайыр Нұрсезім 7 жас
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылы
А.Құсайынов атындағы ЖОББМБ 2-сынып оқушысы