Біздің мектепте әдеттегідей дәстүр бойынша «Кинофестиваль» өтті. Біз сыныбымызбен, жетекшімізбен фильм тамашалауға бардық. Онда әр сыныптың өзінің түсірген қысқаша бейнебаяндары көрсетілді. Маған ерекше әсер қалдырғаны балалар үйінде тұратын кішкентай бүлдіршіндер туралы бейнебаян болды. Ата-анасыз балаларды көргенде көзімнен еріксіз жас аға берді. Іштей анама, әкеме рахмет айттым. Балалардың көздері сондай мұңлы еді. Сол сәттен бастап өзіме іштей серт бердім. Өскенде осындай ата-анасыз балаларға арнап зәулім сарай салдырып, ол жерге ең мейірімді ұстаздарды жұмысқа аламын. Балалардың көзі үнемі бақыттан күліп тұратындай жағдай жасаймын. Бұл менің – арманым!
Нұрбекова Сабина 10 жас
Шымкент қаласы