50 теңге

 

/upd/2016/0321/145857497856f01682a29dd7.35500980.jpg

Мұстафа күні-түні бел жазбай еңбек етеді. Жұмыстың ауыр-жеңілін талғап жатпайды. Адал еңбек пен маңдай терісінің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, ел ішінде үлкен құрметке ие боп жүр. Бір күні ынжық ұлы Әли әкесінен сұрап алған жылтыр ақшаның теңгенің аздығына риза болмай, үстелдің үстіне тастай салады. Шыркөбелек айналған теңге жерге топ етіп түседі. Манадан бері терезеден далаға көз жүгіртіп отырған Айша жерде жатқан теңгені алып, ағасының алақанына салып тұрып былай дейді: — Әдетте біз 50 теңгеге түкте түспейді деп ойлаймыз. Бірақ бұл пақыр тиын бір отбасының күні бойы дамылсыз еңбек етіп жүріп табатын ақысы. Әкеміз осылай азын-аулақ ақша бергенге азсынбай, алғыс айтып қуанайық! Ата-аналарың сендерді өсіріп тәрбиледі. Енді олардан ақша сұрап, қабақ шытуларыңа қақыларың жоқ. Қолда бар дүниелеріңе риза болыңдар!

Садуақасов Шыңғыс 12 жас
Шымкент қаласы