Бір күні үйге қонақтар келді. Үйде кәмпит салынған сандық бар еді. Оған мықты қара құлып салынған. Сол кәмпиттерді жегім келгенімен қара құлыпты аша алмаймын. Қонақтар келген бетте досымды іздедім. Досым ата-анасымен бірге келіпті. Досыма болған жағдайды айтып бердім. Ол маған: -Менің қорамда шеге бар сонымен ашып көрейік,-деді. Мен келісе кеттім. Құлыпты аштық. Тәттіні жедік. Бірақ жаба алмадық. Апам көріп қойды. Бірақ ұрысқан жоқ. -Ендігәрі бұл сандық ашық тұрады. Тек, менен сұрап же!-деді апам. Мен істеген ісіме ұялдым.
Ерғазы Жанбота 15 жас
Жезқазған қаласы