Бұл хатымды жазып отырғанымның себебі – өзімнің ұстазым Акиис апайға алғысымызды білдіру. Менің ұстазымның аты-жөні: Құрманғазиева Акиис Нариманқызы. Ол бізге информатика сабағының ұстазы ғана болып есептелмейді, біз үшін ол еңбекқор кісі. Жалпы Акиис апай ақкөңіл, мейірімді, тапқыр жан. Информатика пәні компьютермен ойнау, әлеуметтік желіге кіру үшін қажет емес. Информатика пәні бізге көп нәрсе үйретеді. Не керек болса да компьютердің көмегіне жүгінеміз. Информатика пәні бізге керек кезде компьютермен жұмыстануға үйретеді, дайындайды. Маған информатика сабағы ұнайды. Біз сергіту сәтін жасап тұрамыз. Біздің ұстазымыз Акиис апай өтірік сабақ беріп, компьютерге бос телміріп, қомақты қаржыны айлық ақым деп қалтасына тыққан емес, тықпайды деп сенемін. Бұл біздің апайымыз үшін сұмдық, ұят қылық боп санамын.
Акиис апай, неткен мынау жаңа заман көрнекті!
Кем қылмай бізді компьютер жайлы үйретті,
Қатал болмай, мейірімен бізге үдетті,
Әрқашан қолдады бізді үнемі.
Ол – ұстаз, ал біз оның – тірегі
Шолпан Қарасаева 11жас
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі