Баяғы заманда бiр ауру ана болған. Онын баласы не күйеуі жоқ. Сонда ол бір түнде қатты ауырады. Сонда ол түсінде аян көреді. Түсінде күйеуі болады. Оның күйеуі соғыста жүр екен, ал өзі болса, бір кішкентай сарайда тығылып отырған екен. Сол кезде күйеуі мерт болыпты. Ауру ана шошынып оянып кетеді. Ол жалғыз, қасында тамақ беретін, көмектесетін адам да жоқ, күнй бойы қайыр садақа сұрап отыратын болған. Бір де оның жүрегі ауырады. Ол көмек шақырады, бірақ ешкім көмек беріп жатқан жоқ. Аурудың бетіне қарап, күліп кетіп бара жатқан балдар да бар. Ауру ана қысылып көмек сұрайды. Сонда бір кішкентай бала көріп, оған көмек бергісі келген, бірақ шамасы жетпейді. Ауру анаға су әкеліп, қатты айқайлап көмек беруін сұрайды. Бірақ өте кеш болады. Ана сол жерде мерт болады. Бала қорыққаннан бейтаныс әйел болсын, оны құшақтап алып жылап жібереді. Ал адамдар болса, қарап тұрып көмек бермейді. Бала сол жерде «Неғып тұрсыңдар, не қарап тұрсыңдар, көмек бермейсіңдер ме, бұл ана ғой, немес жұрттың барлығына не болған, халқым-ау, бұл арсыздық!» деп бала бақырып, жылап сөйлеп жатады. «Бұл менің анам, мен баласымын» деп. Келесі күні ауру ананы жерге көмеді. Бала жылап тұрады. Оны көрген жас адам «Несіне жылап тұрсың, жылама балам, өмір деген солай, бұл тағдыр» дегенде, «Жо-жо-жоқ. Ол-ол.... менің анам, мен оны аурусың деп тастап кеттім, дұрыс жасамадым. Ол менің анам еді, барлығы мені мазақ етуші еді. Мен анамды тастап кетіп, байдың үйінде жұмыс істеп жүрдім. Мен мұндай боларын білмеп едім, кешір мені анашым, кешір мені жан анам мендей қатыгуз балаңды! – деп бала кешірім сұрап жылай берді.
Арайлым Қаршығаева 12 жас
Ақтөбе қаласы