Қаңтар айының 15-шi жұлдызында Астана қаласындағы оқушылар сарайында "Шаттық 2016 " конкурсы жоғары деңгейде өтті. Бұл күнгі конкурс "Оригинальный жанр" номинациясы бойынша болды. Бұл конкурс екі бөлімнен тұрды. Яғни, 10-15 және 16-20 жас аралығындағы талантты оқушылар үшін. "Шаттық 2016" конкурсына бас қала Астананың 32 мектебі ат-салыса қатысты. Бұл жарыста талантты өнерпаздар өз өнерлерiн көрсетіп, көрермендерді таңдандырды. Мың бұрала майыса билеген гимнаст қыздар, түрлі -түрлі сиқыр көрсетіп, әділказылар мен көрермендерді тәнті еткен сиқыршылар бұл доданы одан әрі қыздыра түсті. Бәрінен де ерекше өнер көрсеткен құммен сурет салған жас өнерпаздар. Ол сахнада тұрып, құммен сурет салудың шебер үлгісін көрсетіп өз суретiн тәуелсіздiгiмiздiн 25 жылдығына арнады.
Ибадiл Нұрайым 15 жас
Астана қаласы