Балалар әлемі

/upd/2016/0326/145898251656f64e74869502.05354830.jpg

Қызықты журнал балалар әлемі,

Талайларды таң қалдырған ертегі.

Үйреткізген мақал-мәтел, жаңылтпаш,

Жұмбақтарды шешеміз біз қызықтап.

Құрметті “Балалар әлемі” журналы! Маған бұл журнал өте қатты ұнайды. Үнемі жұмбақтар шешіп, мақал-мәтел,жаңылтпаш жаттаймын. Өз сабағыма да мол пайдасы тиеді. Тек өзім ғана оқып қоймай, достарыма да айтып беремін. Осындай журнал барына қуанамын. Сіздерге мол табыс тілеймін. Балаларды ертегі, әзілдермен қуанта беріңіздер!

Әбділазам Гүлдана 10 жас

Қызылорда қаласы