Тамақтану әдебі

Тамақтанудың парыздары
• Азықтардың халал болуы
• Аллаһу та’алаға құлшылық жасау үшін күш жинауға деп ниет ету.
• Өлмейтіндей мөлшерде жеу.
• Тағамның дәмін Аллаһтан деп білу.
• Тоюды Аллаһтан деп білу.
• Ол тағамның қуаты біткенге дейін Аллаһу та’алаға құлшылық ету.
• Қолда барға қанағат ету.

 

Тамақтанудың сүннеттері
Бисмилләһ айтып бастау.
• Тамақтың соңында әлхамдулилләһ деу.
• Тамақтан алдын және кейін қолдарды жуу.
• Оң қолмен ішіп-жеу.
• Табақтың шетінен, өз алдынан жеу.
• Тамақты тұзбен бастау және бітіру.
• Тамақтан кейін тістерді тазалау.

 

Тамақтанудың мүстаһабтары
• Нанды екі қолмен бөлу.
• Дастарханда көк шөптер және сірке суы болуы.
• Үзімдер, жұтымдар кішкентай болуы керек.
• Жақсылап шайнамай тұрып жұтпау.

 

Тамақтанудың мәкрухтары
• Сол қолмен ішіп жеу.
• Бисмилләһ айтпау.
• Тамақтану барысында мүлдем сөйлемей отыру.
• Қолын немесе пышақты жемейтін нанға сүрту. 
• Көгерген, иістенген нан немесе тамақ жеу.

 

Тамақтанудың харамдары
• Тойғаннан кейін жеу (қонақ бар болса немесе сәре тамағында харам болмайды). 
• Дастарханда харам нәрселер (ішімдік, сазды аспаптар) болуы. 
• Денсаулыққа зиянды нәрселерді жеу. 
• Өз атаған (нәзір еткен) мал етінен жеу. 
• Тамақта ысырап ету. 
• Харам нәрсе жегенде бисмилләһ айту. 
• Қонаққа шақырылмай бару. 
• Басқаның мүлкінен рұқсатсыз жеу. 
• Зиянды нәрселерді жеу. 

 

Басқа да маңызды жайттар
• Түрегеп тұрып жемеу. 
• Қолды үсті-басына сүртпеу. 
• Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды жауып жанына қарай бұрылу. 
• Қонақта шақырмай тұрып дастарханға отырмау. 
• Аш кезде де ақырын жеу. 
• Тамақтану барысында қорқынышты және жеркенішті нәрселерді айтпау. 
• Ауыздағын жұтпай тұрып басқа үзім алмау. 
• Үй иесіне береке және рахмет тілеп дұға ету. 
• Ауызда, қолда ет және тамақ иісі бар күйде жатпау. 
• Балалардың да қолын жудыру. 
• Тоқ күйде жатпау. 
• Тағамдардың, сусындардың бетін жабық ұстау. 
• Суды стаканға құйып ішу. 
• Қажеттіліксіз пасықтармен бірге ішіп-жемеу.