Менің досым

/upd/2016/0216/145562402456c30f586a4e82.81507934.jpg

      Менің досымның аты – Адель. Ол –тәрбиелі,ұқыпты қыз. Адель маған өзінің тапқырлығымен,қарапайымдылығымен ұнайды. Адель достыққа адал, сенімді. Ол өзінің достарының көңілін табу үшін бәрін жасайды.Менің досымның армандары көп. Адель-өнерлі, ол сурет салғанды, өлең жазғанды, домбыра тартқанды ұнатады. Маған Адельмен бірге жүру, ойнау, сабақ дайындау ұнайды. Мен бұл күндері достық дегенің не екенін түсінген сияқтымын. Өзіме жақын адам, сырлас құрбым Адельдің мен үшін сыныпта орны бөлек. Өйткені ол – менің досым.

Жансерік Ақбота
5-сынып оқушысы

                                           Әнші болғым келеді
       Мен болашақта әнші болғым келеді. Ата – анамның айтуынша, әнді 2 жасымнан ұнатыппын.Ең кішкентай кезімде-ақ маған «ән мен әнші»әнінің әуені ұнайтын. 5 –жасымда алғаш рет сахнаға шықтым Есімде менде ешқандай қобалжу сезімі болған жоқ.Әнімді жақсы жеткізе алсам деп ойладым. Мен 2012 жылы Алматы қаласындағы «Күншуақ» халықаралық ән фестиваліне қатыстым. 200 баланың ішінен бас бәйгені алғаным мені үлкен қуанышқа бөледі. Ең бастысы мен ән айтқанда ерекше әсерде боламын. Көрермендерге ән сыйлаған, әнді әсерлі жеткізе білгенімді мен бақыт деп санаймын. Мен көптеген жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Жақында ғана Абай оқуларына Абайдың «Айтым сәлем, қаламқас» әнін айтып, әділ қазылардан марапаттаулар естідім. Бұл-мен үшін үлкен қуаныш, сонымен бірге, өзгелерге ән сыйлау, олардың көңілін көтеру керемет емес пе?

Спан Нұрдәулет
5-сынып оқушысы

                         Анама
Ана деген – әр баланың бақыты,
Өмірдегі қымбатың да,
жақының Асыл анам, сені ғана сүйемін,
Мен де сенің шаттығыңмын
Әр күнгі құрметтеймін, қадірлеймін, анашым.
Барлық жаннан өзің ғана дарасың.
Мен қуансам, қуанасың үнемі,
Мен мұңайсам, сен мұңайып қаласың.

Закир Адель
5-сынып оқушысы
Ақтөбе облысы
Қарғалы ауданы
№2 Бадамша орта мектебі