Жеңіс

/upd/2016/0216/145562014256c3002e3f1213.52983797.jpg

Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі көп балаға.
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән беріп
Жеңіс келді алақай!!!

Астана қаласы
№48 мектеп – лицейдің
 3 «Г» сынып оқушысы
Аманкелді Бейбарыс

Қайтпас қайсарлық, өшпес ерлік! 

        Жеңіс мерекесі – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі. Жеңіс мерекесі – жеңімпаз апалар, әкелер мерекесі. Тоғызыншы мамыр жеңіс күнінін әр азамат қадірлеп, сол жеңістің қалай келгенін ұмытпауымыз керек. Ардагерлерді құрметтеп сыйлау керек. Егер олар жеңісті алып бермегенде біз бұлай жүрмес едік. Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Азаматтық үшін күресте ата-бабамыз аз қан төккен жоқ. Қайтпас қайсарлығымен, өшпес ерлігімен, білектің күшімен, найзаның ұшымен келген жеңісті болашақ жас ұрпақ мына біз ұмытпауымыз керек.

Астана қаласы
№48 мектеп – лицейдің
3 «Г» сынып оқушысы
Ахметова Данель
Сынып жетекшілері:
Темірбекова Жұмакүл
Сейтбекқызы