Еркек болсын, әйел болсын, дүниелік істер үшін екі мұсылманның араздасуы,
бірбірімен көріспеуі, ара-қатынасын үзуі жаиз емес.
Араздасып қалғандар, мейрамдарды күтпей тез арада татуласуы керек. Аллаһу та’аланы және пайғамбарымызды жақсы көретін адам, адамдардың кемшіліктерін көрмейді, бәрімен тату, кең бауырлы болады. Жақсы адам, яғни жақсы мұсылман бәрімен жақсы мәміледе болады. Басқалардың мазасын алмайды және олардан келетін қиыншылықтарға сабырлы болады. Бір кемшілігі үшін адаммен араздаспау керек. Араздасқан жағдайда да 3 күннен көпке созылмауы керек.
Хадис шәрифтерде былай бұйырылды:
«Бір-біріңмен ара-қатынасты үзбеңдер! Бір-біріңнен бет бұрып кетпеңдер! Бір-біріңмен өштеспеңдер, жауласпаңдар! Бір-біріңді көреалмаушылық етпеңдер! Ей Аллаһтың құлдары бір-біріңмен бауыр болыңдар! Бір мұсылманның басқа бауырымен араздасуының 3 күннен асуы халал болмайды.»
«Бір-бірімен араздасқан екі адамнан қайсысы бірінші болып сәлем берсе күнәлары кешіріледі. Сәлем бергенде екінші адам сәлемін алмаса, бұл адамның сәлемін періштелер алады. Ал сәлемін алмаған адамға шайтан ілтипат көрсетеді.»
«Мұсылман бауырымен 3 күннен артық араздасқан адам өлгенде
Жаһаннамға түседі.»
«Бір мұсылманның дін бауырымен 3 күннен көп араздасуы жаиз емес. 3 күн өткеннен кейін ол адаммен кездесіп қалса, оған сәлем беріп хал-жағдайын сұрау керек. Ол адам сәлемін алса, екеуі де сауапқа ортақ болады. Сәлемін алмаса, күнәға кіреді. Сәлем берген адам араз болу деген есептен құтылған болады.»
3 күнге жеткізбей жарасу өте жақсы болады. 3 күн өткенде күнә жазылуы басталады және жарасқанға дейін жалғасады. Күнә істеген адаммен сөйлеспей қойып, оған араздау күнә болмайды.