Сұрақ: Адамдардың кемшіліктерін жасыру керек пе?
Жауап: Иә, жасыру керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Кімде-кім, мұсылманның қиыншылықтарының бірін кетірсе, Аллаһу та'ала да оны қиямет күніндегі қиыншылықтардан қорғайды. Кімде-кім, мұсылманның айыбын жасырса, Аллаһу та'ала да оның дүние мен ахиретте айыбын жасырады. Адам досына жәрдемші болған мерзімде, Аллаһу та'ала да оның жәрдемшісі болады.» (Мүслим)
«Мұсылман мұсылманның бауыры, оған зұлымдық етпейді, зұлымдық етілуіне де жәрдемші болмайды. Кімде-кім, досының мұқтаждығын кетірсе, Аллаһу та'ала да оның мұқтаждығын кетіреді. Кімде-кім, мұсылманның қиыншылығын жойса, Аллаһ та қиямет күні оның қиыншылықтарын жояды. Кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Аллаһу та'ала да қияметте оның айыптарын жасырады.» (Тирмизи)
«Мүмин, досының айыптарын іздемей, оны жасырса, күмәнсіз Аллаһу та'ала осы әрекеті үшін оны жәннатқа кіргізеді.» (Табарани)
«Кімде-кім айып жасыратын болса, тірідей құмға көмілген жазықсыз қызды құтқарғандай сауап алады.» (Әбу Дауд, Нәсаи, Хаким)
«Жамандық жасамаңдар, ешкімнің айыбын іздемеңдер! Кімде-кім, мұсылманның айыбын іздейтін болса, Аллаһу та'ала оның да айыбын жария етеді, мұндай адам ең жасырын жерге тығылса да оны масқара етеді.» (Тирмизи)
«Мұсылмандардың айыбын іздеген адам, оларға жамандық еткен және оларды жамандыққа итермелеген болады.» (Әбу Дауд)
«Кімде-кім досын тәубе еткен бір күнәсімен айыптаса, ол адам дәл сол күнәға ұшырамай тұрып өлмейді.» (Тирмизи)
nbsp;