Ысырап

      Ысырап мал-мүлікті жою, зая кетіру, пайдасыз халге түсіру, рәсуа ету,

дінге және дүниеге пайдалы болмайтын түрде жұмсау деген сөз. Ысыраппен

сараңдықтың ортасына үнемділік немесе жомарттық делінеді. Құран кәрімде: «Жеңдер, ішіңдер бірақ ысырап етпеңдер! Аллаһу та’ала ысырап еткендерді әлбетте жақсы көрмейді» делінген. (Араф 31) Хадис шәрифте де былай делінді: «Үнемдеген адам байиды, ысырап еткен адам кедейлеседі.» (Бәззар)
 
      Мүлікті теңізге, құдыққа, отқа және қолдан кетуіне себеп болатын жерлерге тастау, оны жою деген сөз. Қолданылмайтын халге түсіру, сындыру, кесу, жемістерді, егінді жинамай шіріту, малдарды суықтан, ұрыдан қорғалатындай жерде ұстамау және суықтан, ыстықтан және аштықтан өлмейтіндей жем-суын бермеу, қарамау да жоюға жатады, бәрі де ысырап болады. Күнә істеу үшін және күнә істелуі үшін берілген мал-мүлік, ақшалар да ысырапқа жатады.
 
      Егін және жемістерді жинағаннан кейін бұларды дұрыс сақтамай өздігінен бұзылуына, нәмденіп шіруіне немесе құрт-күйе секілді жәндіктердің жеуіне жол беру де ысырап болып табылады. Нан, ет, ірімшік секілді азықтардың, қарбыз, пияз секілді егін өнімдерінің, миіз, өрік, алма қақтары секілді кептірілген жемістердің, бидай, арпа секілді дақылдардың және киім-кешек, мата, кітап секілді заттардың осылай ысырап етіліп жатқаны көп көрілуде.
 
      Дастархан және стол үстіне түскен нан және нан ұсақтарын жинамай тастау да ысырап. Бұл ұсақтарды жинап ит-мысыққа, тауыққа, малға, құстарға және құмырсқа секілді жәндіктерге беру ысырап болмайды. Тамақ пісірерде бұршақ, күріш, нохат секілді дақылдарды жуғанда төгу және төгілгендерді жинап алмай тастап жіберу де ысырап. Киім-кешек, аяқкиім секілді бұйымдарды дұрыс қолданбай, оларды ескірту, тез тоздыру, оларды жырту, жуған кезде кір жуғыш ұнтақты көп қолдану, электрді, газды босқа жағып қою да ысырап болып табылады.
 
     Осы сияқты көптеген ысыраптардың кесірінен жер бетінде миллиондар, миллиардтар рәсуа болып кетуде. Дінін, отанын және өзін құрметтейтін адам ысырап етпейді және өзгелердің де ысырап етулерінің алдын алуға тырысады.