«ЭКСПО – 2017» балалар көзімен

        Н.Байғанин атындағы Ақтөбе облыстық балалар кітапханасында 2008 жылдан бастап «Ақбұлақ» экологиялық клубы жұмыс жасап келеді. Клуб отырыстарында оқырмандарымызға  жан-жақты экологиялық тәрбие беріп, әрбір баланың жүрегіне табиғатты аялауға, қоршаған ортаны бағалауға, сүюге шақырып, адам мен табиғат әрқашанда егіз екендігіне кеңес беріп отырамыз. 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесінің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру мақсатында «Ақбұлақ» экологиялық клубының мүшелері - №11 мектеп-гимназиясының 4 «Ә» класс оқушылары «ЭКСПО – 2017» балалар көзімен. Мен дамысам, Қазақстанда дамиды»  атты экологиялық зерттеу сағатын өткізді.
         Шараға эколог  Беркінбаева Ақмарал Қолқанатқызы мен жас натуралистер станциясының маманы Даулетова Роза Василийқызы  қатысты. Шара басында оқырмандар 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихымен таныса отырып, «ЭКСПО -2017.  Астана» видеоролигін тамашалады. Кезекте балаларға арналып «ЭКСПО -2017 балалар көзімен» атты кітап көрмесі жасақталды.
Көрмеге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік бейбітшілікке бағытталған жаһандық сипаттағы қызметтері жан-жақты сарапталған «Әлемдік тұлға», «Астана-Қазақстанның жүрегі», балаларға арналған энциклопедия «Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан», «Мен Қазақстан азаматымын», «Егемен елміз еркінбіз!», «Біздің Отанымыз Қазақстан», «Еркін елдің ертеңі», «Қазақстанның жеті кереметі», т.б. кітаптар және мерзімді басылымдар  ұсынылды.
          «ЭКСПО – 2017» көрмесінің басты тақырыбы «Болашақтың энергиясы» болғандықтан балаларға «Мен дамысам, Қазақстанда дамиды» тақырыбына жасақталған слайд презентациясы ұсынылды. Энергетика саласындағы инновациялық шешімдерге және бұл жобаның қоршаған ортаға тигізетін әсеріне басты назар аударып экологиялық зерттеулер жүргізілді. «Ақбұлақ» экологиялық клубының мүшелері  Жайжанова Ранай,Тайымбетова Лариса әлемдік көрмеге  арнаған өз өлең жолдары мен шығармаларын оқырман назарына ұсынды.
           Шара соңында келген қонақтар тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін «Экспо -2017» көрмесін өткізудің маңызы өте зор екенін және біз үшін жеңіс маңызды екендігін баса айтты. Оқушыларды осындай маңызды шараларға үлес қосуға шақырды.
           Кешті қорытындылай келе, клуб мүшелері мен кітапханашылар  «Атамекен» әнін қосыла шырқады.

/upd/2016/0206/145475878356b5db7f7c4026.69948941.jpg

/upd/2016/0206/145475887356b5dbd960fde1.52457424.jpg

/upd/2016/0206/145475896956b5dc39060041.72328539.jpg

/upd/2016/0206/145476083456b5e382953864.81652559.jpg

Көптілеуова Б.Ж. кітапханашы
Н.Байғанин атындағы Ақтөбе 
облыстық балалар кітапханасы