- Күлімдеу: үйде бақыт, жұмыс орнында жетістіктің көзі.
- Күлімдеу: ішкі сұлулықтың сыртқа шығуы.
- Күлімдеу: өздігінен берілмейінше, ешкімнің кәдесіне жарамайды.
- Күлімдеу: аз ғана уақыт алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады.
- Өмір – айна сияқты. Күлімдеп қарасаң, ол да күледі. Қабағыңды түйсең, ол да саған қатаңшылық етеді.
- Күлімдеу: берген адамды шығынға ұшыратпайды, ал алған адамды байытатын ерекше дүние.
- Күлімдеу: сатып алынбайды, өтініп, сұрап алынбайды.
- Оны ешкім қарызға бермейді. Оны ұрлап алу да мүмкін емес.
- Күлімдеген адам басқаларды жылы қабылдайды деген сөз.
- Жұмысы мен жарынан сенімді және разы болған адам әрдайым күлімдеп жүреді.
- Күлімдеу: өзара құрмет, сүйіспеншіліктің кілті.
- Күлімдеу: сол сәтті нұрландыру деген сөз.
- Күлімдеу: өзімді де, сіздерді де жақсы көремін деген сөз.
- Күлімдеу: бақытты және рахат өмір сүрудің кілті.
- Күлімдеу: көңілдер арасындағы сүйіспеншіліктен жасалған көпір.
- Күлімдеу: ең арзан және ең қадірлі сыйлық.
- Күлімдеу: адамның рухында ашылған гүлдердің айналамызға сүйіспеншілікпен берілуі.
- Екі адам арасындағы ең қысқа байланыс – күлімдеу.
- Шаршаған адамның мауқымын басады, үмітсізге шаттық сыйлайды.
- Кейбір адамдар күлімдей алмайды. Ондайларға сіз күлімдеңіз.
Күлімдеудің ешқандай материалдық шығыны және физикалық ауыртпалығы жоқ. Керісінше күлімдеу адамға көп пайдалар әкеледі.