Қазақстан табиғаты

/upd/2016/0201/145430781556aef9e7f0ac43.61212695.jpg

Қазақстан дейтін, менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға...
Менің Қазақстан деген өте сұлу елім бар. Оның көркіне көз тоймайды. Ұшы - қиыры жоқ кең дала, ұшқан құс пен жүгірген аң, биік таулары мен жасыл орманы оның көркін аша түсуде. Бұл - менің Қазақстан деген өз елім. Қазақстан табиғаты дегенде ең бірінші Көкшетау жері есіме түседі. Табиғат ананың осынша сұлулығына қарап, таң қаламын. Оқжетпес тауы, мөлдір Бурабай көлі мен оның Жұмбақтасы табиғат ананың туындылары емеспе. Қазақстанның табиғат сұлулығы әлемге әйгілі емес пе?. Мен өз елімнің табиғатын сүйемін, оның иісі жұпар шашқан ауасын, тауы мен тасын, топырағын сүйемін.

Жолдаған: Темірхан Асылхан Жайықұлы 8 жас
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылы
 

***
Күз

Бізде үш ай жаз, ал жаздан кейін күз басталады. Қыркүйек, қазан айларында үлкен көліктердің, комбайындардың, тракторлардың дауысы жиі естіледі. Сонда адамдар егін егіп, тракторлармен шөп тасып, сабан тасып, көліктермен көмір, отын сатып алып, комбайындармен шөп шауып, жем тасып жатады. Күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түсе бастайды. Балалар сурет сабағында күздің бейнесін салады. Сенбілік күнінде балалар тырнауышпен, сыпырғышпен, күректермен жерге түскен сары жапырақтарды мектептің алдынан жинайды. Кейбір ағаштардың сары, қызыл, қоңыр жапырақтары бар, кейбір ағаштардың жапырақтары жерде жатыр. Ал оңтүстік жақ болса, олар өздерінің алмаларын, қарбыздарын, қауындарын жаңа ғана жей бастайды. Ағаштардың сары, қызыл, қоңыр жапырақтары — күздің айрықша белгісі болып келеді.

Жолдаған: Нағашибаева Ханым Ерланқызы 3-сынып
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылы

***
Ана тілі

Ана тілім - байлығым. Қазақ тілі — асыл қазынам. Қазақ тілі — өте бай, көркем, икемді, жетілген, құлаққа жағымды естілетін тіл деп ойлаймын. Қазақ тілі — мен үшін бір үлкен тау. Ол Гималай тауынан да үлкен. Ол таудың шыңына шығу өте қиын. Бірақ, ол таудың үстіне өрмелей бастасаң, ол — қызық, көркем тау. Оған ары қарай мінгің келе береді. Әрбір адам ананың сүтімен бірге ана тілін бойына сіңіреді. Ана сүті қандай ақ, таза болса, біздің тіліміз сондай ақ және сондай таза болуы керек. Сонда ғана басқа елдің өкілдері бізге сыйластықпен қарайды. Сонда ғана басқа елдермен тереземіз тең болады. Ата - бабаларымыз қазақ тіліне ерекше көңіл бөлген. Бізге көптеген мақал - мәтелдер қалдырған. Ата - бабаларымыз қазақ тілін асыл мұра, сарқылмас қазына ретінде қалдырып кетті. Бұл атадан — балаға жалғасып келе жатқан ұлы тіл. Біздің ең басты парызымыз, міндетіміз қазақ тілін ары қарай көркемді етіп, қазақ тілін дүние жүзіне таныту. 

Жолдаған: Айманова Аяжан Сағатқызы 3-сынып
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылы