Ана тілім

/upd/2016/0128/145396641156a9c44bee9893.97980849.jpg

Өркенде, тілім, өркенде!
Ана тілім – жарқыраған шырағым,
Тіл үйіретін нәрлі балдай бұлағым.
Ата-баба мұрасынан аманат
Туған тілім шырқалатын жыр-әнім.
Келешекті ана тілмен жырлайық,
Асыл сөзбен тіл жақұтын жинайық.
Тәуелсіз ел болсақ-дағы қанша жыл
Қазақ тілім алақанын тұр жайып.
Тәрбие басы басталады бесікте,
Мирас болған ана тілім есікте.
Аманатқа жасамайық қиянат,
Туған елдің шығарайық төріне.
Болашағым ана тілім ардақтым,
Ардағымды бақытыма баладым.
Өркендей бер қасиетті туған тіл
Қазығы боп ата-дәстүр салтымның.

Расулова Назым Расулқызы 10 жас
Көкшетау қаласы