Көрші ақысы

      Дініміздегі ең маңызды тақырыптардың бірі – көрші ақылары. Аллаһу та’ала Құран

кәрімде: «Жақын көршіге, ұзақ көршіге, жаныңдағы досқа, жолда қалғанға және қол

астыңдағыларға жақсылық жасаңдар!» деп бұйырған. Бір күні хазреті Айша анамыз пайғамбарымыздан:
 
      – Ей Аллаһтың расулы! Екі көршім бар. Қайсысына бұрын жәрдем берейін?- деп сұрады. Сүйікті пайғамбарымыз былай деп жауап берді:
      – «Есігі жақынырақ болғанынан баста!»
 
      Ата-бабаларымыз да: «Үй таңдама, көрші таңда!» деп, көршілердің жақсы болуына мән беруге кеңес берген.
 
      Көршінің көрші алдында 10 ақысы бар:
 
      1)     Шақырғанда қонаққа бару.
 
      2)     Жәрдем сұрағанында көмек беру.
 
      3)     Науқастанғанында көңілін сұрап үйіне бару.
 
      4)     Қарыз сұрағанында қарызға (ақша) беру.
 
      5)     Қуанышты күндерінде қуанышына ортақ болу.
 
      6)     Одан келетін бүкіл қиыншылықтарға төзу.
 
      7)     Онымен ұрыспау, жанжалдаспау және жақсы қарым-қатынаста болу.
 
      8)     Басына бәле келген кезде оны жұбату және қайғысымен бөлісу.
 
      9)     Қайтыс болғанында жаназасына бару және жерлеу жұмыстарымен айналысу.
 
      10)   Сапар шегіп, жолға шыққанында үйін және үй ішіндегілеріне қамқор болу.