Үй жануарлары

/upd/2016/0126/145379676856a72da0865f93.76283092.jpg

Мен Қарасай ауданы Жармұхамбет ауылында тұрамын. Біздің ауылда көп тұрғындар үй жануарларын бағады. Бізде де сиыр, қой, жылқы бар. Мен оларға жанашырлықпен қараймын. Олар қатты суық кезде де сол суық қорада жем-шөбін жеп тұра береді. Менің әкем, ағам оларға уақытымен жемін, суын береді. Күндіз оларды өріске айдап келеді. Қыста оларға қиын. Өріске көп шықпайды. Күнделікті малға жем-шөбін беретін уақытта мен де әкеммен бірге олармен өзімше тілдескендей болып кетемін. Қошақандарым бар. Олар менен қашады. Қашқандары өте қызық. Енесінің жанына барып тығылады, ал керісінше бұзаудың жанына жақындасаң маған мөңіреп, көздері мөлдіреп қарайды. Мен әркез үй жануарларының әр түрлі әрекеттеріне куә боламын. Сиыр өзінің төлін қатты жақсы көреді, қашан көрсең де бұзауын тілімен  жалап,  сипап  жатқандай  көрінеді. Бұзауым қазір өсіп қалды, өзі су ішіп, шөп жейді. Мен үй жануарларын жақсы көремін. Үй жануарларының адамға пайдасы мол. Мен сонымен қатар жеті қазынаның бірі итті жақсы көремін. Менің екі итім бар. Олар сондай ақылды. Бөтен адам келсе бірден белгі береді. Олардың біреуінің аты Рекс, екіншісінің аты Таймас. Мені көрсе қатты еркелейді.Тамақ берсем қатты қуанады.

Сарсембаева Назерке Хайратқызы
Алматы облысы,
Қарасай ауданы,
Жармұхамбет орта мектебі
3«А» сынып оқушысы
Сынып жетекшісі: Мержанова Құралай Қызайбайқызы