Басында темір сылдырмақ,
Күрек тектес бір таяқ.
Шайқап, ырғап ойналар
Аспап түрі – аса таяқ.
* * *
Ағашқа тиек бекіген,
Ішек саны жетіден.
Үні нәзік жағымды
Аспап түрі – жетіген.
* * *
Ұлы халқым жеңімпаз,
Шырқалса ән-күй көңіл мәз.
Үрмелі аспап тобына
Жатады екен – желбуаз.
* * *
Қой-қозыны үркітіп баққан,
Өзіндік үні құлаққа жаққан.
Ән мен күйді сүйемелдеп
Әуенге қосқан киелі сақпан.
Сылдырмақта біз ілген,
Сиқырлы бір сыр бар-ау.
Кішкене ғана тізілген
Таяқшада шылбыр бау.
Түртіп қалсаң балғамен,
Үн шығарар қоңыра
Әсем әуен сыңғырла,
Үнін, халқым, кел, тыңда.
Қос ішекті шанақты
Тойдың сәні – домбыра.
* * *
Бұл аспап жайлы бар аңыз,
Күй тартқан екен ұлы абыз.
Қарағайдың түбінен
Жасалынған бұл – қобыз.
* * *
Жарасымды әніміз,
Домбыра, қобыз сәніміз.
Тартымды күйді түрлентер
Ойналса егер – шаңқобыз.
***
Ағаштан ойып жасаған,
Қазақ халқы өнерпаз.
Жаугершілік заманда
Дабыл қаққан дауылпаз
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№6 бөбекжай-бақшасы» МКҚК
Жунусова Толқын Қайырханқызы, қазақ тілі мұғалімі